Адами капитал

Сандықтау балалар үйін жөндеуге 1 млрд теңге жұмсалмақ

2017 жылы Сандықтау балалар үйіне күрделі жөндеу жүргізуге 1 млрд теңге жұмсалмақ, деп хабарлады Ақмола облысының әкімдігі.
Ақмола27 Қаңтар , 10:53

«№3  балалар үйінде 61 тәрбиеленуші тұрады, оның ішінде 3-уі мектепке дейінгі жаста және 58-і оқушы. Мекеменің ғимараты ескі, салынған жылы – 1964. Осыған орай, биылғы жылы балалар үйін 1 млрд теңгеден астам сомаға қайта құру туралы шешім қабылданды», - делінген хабарламада.

Әкімдікте балалар ұйықтайтын корпус үш-төрт баладан емес, екі баладан орналасатындай етіп қайта жабдықталатыны түсіндірілді. Бірінші қабатта медициналық пункт қарастырылған. Барлық технологиялық жабдық ауыстырылады.

Бұдан бөлек, өткен жылғы жазда Ақкөл балалар үйін 761,4 млн теңге сомасына қайта құру жүргізілгенін атап өту қажет.




Яндекс.Метрика