Халықаралық интеграция

Қазақстандық МЖӘ орталығы алғаш рет Бүкіләлемдік Аналитикалық орталықтар қатарына енді

«Қазақстандық МЖӘ орталығы» алғаш рет Бүкіләлемдік Аналитикалық орталықтар қатарына енді.
Әлемде27 Қаңтар , 10:19

«АҚШ-тың Вашингтон қаласында «Аналитикалық орталықтар және азаматтық қоғам» атты зерттеу бағдарламасы аясында жыл сайын ұйымдастырылатын жиын болып өтті. Басқосу барысында 2016 жылғы Аналитикалық орталықтардың ғаламдық рейтінгі жарияланды және әлемнің 182 мемлекеті оның ішінде Қазақстанның үздік «ойшыл» орталықтарының мән маңыздылығы  талқыланды», - деп хабарлады Орталық.

Қорытындысында «Орталық Азияның үздік «ойшыл» орталықтары» номинациясы бойынша Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы рейтингке алғаш рет кірді.

Аналитикалық орталықтардың дүниежүзілік индексі бірнеше сатыдан тұратын ғаламдық зерттеулердің нәтижесінде әлемнің үздік «ойшыл» орталықтарының рейтингісін қалыптастырады. Бұл көрсеткіш 2008 жылдан бастап Пенсильвания Универститетіне қарасты  «Аналитикалық орталықтар және азаматтық қоғам» зерттеу бағдарламасы аясында сараланады.

«Қазақстандық мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығы» АҚ – елімізде жаңа үлгідегі МЖӘ дамытудың алдыңғы қатарлы сараптамалық орталығы ретінде саналады. Басты қызметі МЖӘ саласында зерттеулер жүргізіп, инвестициялық жобаларды сараптау мен оның іске асырылуын бағалауға бағытталған. Мемлекет пен бизнес арасындағы әріптестікті нығайту үшін жағдай жасауда, сондай-ақ, МЖӘ жобаларын іске асыру үшін мүдделі тараптардың бар әлеуетін қосып, ел экономикасына тартылатын жекеменшік инвестициялар көлемінің артуына ықпал ету Орталықтың басты борышы.




Яндекс.Метрика