Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

Жамбыл облысында 35 жасотандық еңбек тәжірибесінен өтті

Жамбыл облысында 35 жасотандық еңбек тәжірибесінен өтті, деді «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанатының төрағасы Уалихан Болатбекұлы.
Жамбыл27 Қаңтар , 10:37

Спикердің сөзіне сүйенсек, Елбасы, Партия төрағасы Н.Назарбаев «Жасотандықтар - еліміздің ең беделді саяси партиясы «Нұр Отанның» белсенділері ғана емес, менің жас көмекшілерім, серіктестерім» деп жастарға үлкен сенім білдірген болатын.

«Жас Отан» Жастар қанатының III - съезінде Жастардың отаншылдық және тұлғалық дамуына, жан-жақты білім алуына, кедергісіз еңбек етіп, кәсіби дамуына және де жас отбасылар институтын нығайтуға бағытталған «Жастар – Отанға» Жастардың жетістік жолы» атты 2020 жылға дейінгі бағдарламасы қабылданды.

Бағдарлама - барлық жастарға табысқа жетудің жолын ашу және Қазақстанның өткенін бағалайтын, бүгінгі күні батыл қимылдап, келешекке сеніммен қарайтын табысты азаматтардың жаңа буынын қалыптастыруды мақсат тұтады.

Жамбыл облысында 14 пен 29 жас аралығында 277 674 жас бар. Яғни, жастар жалпы облыс халқының 25,3 пайызын құрап отыр. Оның ішінде қалалық жерлерде - 108 731 (Тараз, Жаңатас, Қаратау, Шу) ал, ауылдық елді мекенде - 169 043 жас тұрады.

Партия Жамбыл облыстық филиалы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанаты құрамында 10 аудандық, 1 қалалық филиалдары жұмыс жасайды. Оларға 14 145 мүшесі бар 146 бөлімше біріктірілген, ол облыс жастарының 5 пайызын құрайды.

Есепті мерзім аралығында облыс бойынша жасотандықтардың ұйытқы болуымен 5 000 аса іс шара өткізіліп, оған 528 254 жас қатысқан.Партияның негізгі 9 жобасы болса, оның ішінде жастарға арнайы екі жоба бағытталған. Олар «Сәтті қадам» және «Жастар-Отанға!» жобалары.

«Сәтті қадам» партиялық жобасы басталғалы облыс көлемінде 24 мекемемен екі-жақты меморандумға қол қойылып, 35 жас еңбек тәжірбиесінен өтсе, 4 жас тұрақты жұмыспен қамтылды. Ал ағымдағы жылы 34 мекемемен екі-жақты меморандумға қол қойылып, басты назар ата-ана қамқорлығынан айрылған балаларды жұмыспен қамтуға бағытталды. 




Яндекс.Метрика