Евразиялық одақ

ЕЭК-те ЕАЭО елдерінің ортақ газ нарығын құру бағдарламасының жобасы әзірленді

Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ газ нарығын құру бағдарламасының қалыптасуын Венада өткен 10-шы Еуропалық газ конференциясында ЕЭК энергетика және инфрақұрылым жөніндегі коллегия мүшесі Адамқұл Жүнісов таныстырды, деп хабарлады ЕЭК-тің баспасөз қызметі.
Әлемде27 Қаңтар , 09:21

А.Жүнісов атап өткендей, бағдарлама жобасы  сарапшылық дәрежеде талқыланып жатыр,  ЕАЭО елдерінің басшылары жылдың соңына дейін  өз ұсыныстары мен шешімдерін айтады. Ортақ газ нарығын құру жобасының негізінде газды биржалық саудалауды дамыту идеясы жатыр. Сондай-ақ, нарықтың барлық қатысушыларын саудаға  тең араластыру қарастырылуда. Бұл қалыптасқалы жатқан нарықта бәсекелестікті туғызып,  газдың бағасын қалыптастыруда ашықтықты сыйлайды.

«Одақтың ортақ газ нарығында  ЕАЭО елдерінің көтерме  нарық қатысушылары әрекет етеді, ал газды тасымалдау мен жеткізу  келісім арқылы тікелей шешілетін болады», - деді Адамқұл Жүнісов.

Жобаны жүзеге асыру көліктік газ жүйелеріне бірыңғай қолжетімділікті сыйлайды. Аталмыш жүйелерді бөлудің ашық жүйесін қамтамасыз етіп, газдың өзара сауда  тәртібін  құруға мүмкіндік береді.

ЕЭК  мәліметінше, Одақтың ортақ газ нарығын құруды үш кезең бойынша жүзеге асыру қарастырылып отыр. Бірінші кезең  2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін созылады. Бұл уақытқа  дейін ЕАЭО елдерінің  заңнамалық үйлесімін қамтамасыз ету қажет. Газдың стандарты мен нормаларын унификациялауды жүзеге асырып, газ тасымалдау жүйелеріне  қолжетімділіктің  бірыңғай тәртібін жүзеге асыру қажет.

Екінші кезең 2020 жылдың 31 желтоқсанында аяқталады деп жоспарлануда. Бірқатар тауарлық биржалардың жұмысын газды саудалауға бейімдеу қарастырылған.

Қорытынды кезеңде газды қажетті көлем мен орынға еркін жеткізуді қамтамасыз ету қажет. Үшінші кезең 2025 жылдың  31 желтоқсанында аяқталады деп жоспарлануда. 




Яндекс.Метрика