Мемлекеттік басқарудың жаңа түрі

Қазақстанда мемлекеттік билік тармақтарының өзара іс-әрекетінің жүйесін құруға зор маңыз беріледі – М. Құл-Мұхаммед

Мұхтар Құл-Мұхаммед Астанада Демократиялық күштердің «Қазақстан-2050» Жалпыұлттық Коалициясының отырысын өткізді. Бұл басқосу мемлекеттік билік тармақтары арасындағы өкіліттіліктерді қайта бөлісу бойынша жасаған Елбасы үндеуіне арналды.
Астана қаласы 26 Қаңтар, 19:23

Кездесуді ашқан «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Елбасы жария еткен саяси жүйені жаңғыртудың мемлекеттілікті нығайтуға, биліктің барлық үш тармағының өзара іс-әрекетінің үйлесімділігін және олардың әрқайсысының жауапкершілігін арттыруға бағытталғанын атап өтті.

«Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, олардың қатарында болуға біз де ұмтылып жатқан ең табысты мемлекеттерде елдің ілгерілеуін қамтамасыз ететін мемлекеттік билік тармақтарының өзара іс-әрекетінің жүйесін құруға зор маңыз беріледі», – деп толықтырды Мұхтар Құл-Мұхаммед.

Сонымен бірге ол «күшті президенттік институттың, барша халықтың жаппай қолдауына ие болған Тұңғыш Президент, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың шоқтығы биік тұлғасының арқасында тәуелсіздік жылдарында Қазақстанның бүкіл әлем мойындаған табысқа қол жеткізгенін атап өтті.

«Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары жоспарланған өзгерістерде мемлекеттік басқарудың барлық жүйесінің анағұрлым үйлестірілген жұмысы үшін көп мүмкіндіктер бар деп есептейді. Біздің еліміздің экономикасын инновациялық дамыту тұрғысында мұның маңызы орасан зор. Үкіметке экономика саласында қосымша атқарушы өкілеттіктер беру, оның дербестігі мен жауапкершілігін күшейту маңызды мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалардың тиімді қызметін арттыруға бағытталған.

«Сонымен қатар Үкіметтің қызметіне байланысты Парламенттің бақылау міндетін күшейту Үкіметтен күнделікті және стратегиялық жұмыстардың сапалы жаңа деңгейін, Қазақстан халқы мен жоғары заңнамалық орган алдындағы ашықтық пен есептіліктің артуын талап етеді», – деді Мұхтар Құл-Мұхаммед.

«Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары ұсынылып отырған іс-шаралар саяси үдерістердің белсенді субъектілері, қоғамдық пікір алмасулардың негізгі орталықтары, ең көптеген әлеуметтік топтар мүддесінің үні болып табылатын Қазақстандағы барлық саяси партиялардың дамуына серпін беретініне сенім білдірді.

Демократиялық Күштердің Жалпұлттық Коалициясының отырысына еліміздегі жетекші саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің басшылары қатысты. Атап айтсақ, «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев, «Ауыл» партиясының төрағасы Әли Бектаев, Қазақстан Коммунистік Халық партиясының хатшысы Жамбыл Ахметбеков, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша Жалпыұлттық қозғалысының президенті Оралбай Әбдікәрімов, Азаматтық альянстың президенті Нұрлан Ерімбетов, «Халық Қаһарманы» – Қарулы күштер ардагерлері қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бақытжан Ертаев, Ұлттық инженерия академиясының президенті Бақытжан Жұмағұлов, Ұлттық академия президенті Мұрат Жұрынов, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төрағасы Аблай Мырзахметов, Қазақстан Халықтары Ассамблеясынан сайланған Парламент Мәжілісінің депутаты Юрий Тимощенко және тағы басқалар.

Коалиция Елбасы ұсынған мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту жөніндегі жоспарға қолдау білдіріп, барлық қазақстандықтарды оны талқылауға шақырып, ол «Қазақстан – 2050» ДКЖК –ның халыққа жасаған қорытынды үндеуінде көрініс тапты.

Бүгінде Демократиялық Күштердің Жалпыұлттық Коалициясы 5 саяси партиядан, 17 ірі қоғамдық бірлестіктер мен 500 астам ҮЕҰ құралған.

 

 





Яндекс.Метрика