Энерготиімділік

Қазақстан парниктік газ шығарындылары бойынша есептіліктің электронды нысанын жасап шығарды

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Дүниежүзілік банкпен бірлесіп парниктік газдар шығарындылары бойынша есеп берудің электронды платформасын жасау және Қазақстандағы тиісті институционалдық және заңды қорды қолдау бойынша жобаны іске қосты, деп хабарлады Энергетика министрлігі.
Астана қаласы26 Қаңтар , 20:23

«2013 жылдан бастап барлық объектілер Қазақстанның электр энергетикасы, мұнай-газ және өнеркәсіптік секторларында парниктік газдар шығарындылары бойынша қағаз жүзінде есеп береді. Парниктік газдар шығарындылары бойынша есептіліктің электронды жүйесіне көшу сапаны жақсартуға және уақтылы шешімдер қабылдау үшін ұсынылатын деректердің жеделдетуге мүмкіндік береді»,- деді өз сөзінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Климаттың өзгеруі жөніндегі департамент директорының орынбасары Олжас Ағабеков.

Электронды платформа (немесе кадастр) Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексіндегі соңғы өзгерістерге сәйкес энергетикалық және өнеркәсіптік секторларындағы шығарындылардың негізгі көздеріне деректерді тікелей желіде ұсынуға мүмкіндік береді. Қабылданған түзетулер платформаны жасауды қарастырады. Аталған платформалар арқылы табиғат пайдаланушылар шығарындылар туралы есепті ұсынатын болады, верификаторлар олардың шығарындылары жөніндегі деректерін электронды форматта растайды, ал бағдарламаның администраторы («Жасыл даму» АҚ) және реттеуші орган (Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті (ЭРБК) және Климаттың өзгеруі жөніндегі департаменті) шығарындылар бойынша міндеттемелерді тікелей желі режимінде автоматты түрде тексереді.

Кадастрды 2017 жылғы желтоқсанның соңына дейін енгізу жоспарланып отыр. Ол Парниктік газдардың шығарындылары саудасының қазақстандық схемасына 2018 жылдың қаңтарынан бастап қызмет көрсете бастайды.

Іс-шара барысында парниктік газдар шығарындыларына квоталар саудасының қазақстандық жүйесінің операторы (KZ ETS) – «Жасыл даму» АҚ, ауаның ластану проблемалары және парниктік газдардың шығарындылары бойынша Францияның техникалық орталығының сарапшылық қолдауымен жасалып жатқан кадастрдың жергілікті нарық пен халықаралық тәжірибені ескере отырып техникалық, құқықтық және институционалды қажеттіліктерінің талдау нәтижелерін ұсынды. Семинар барысында алынған ұсыныстар мен комментарийлер кадастрдың техникалық сипаттамаларын алдағы әзірленуі кезінде назарға алынатын болады.

Аталған жоба Дүниежүзілік банк топтарының көптеген донорларының қатысуымен мақсатты қор – Нарыққа дайындау бойынша серіктестіктің (PMR - Partnership for Market Readiness) қолдауымен жүзеге асырылуда. Серіктестік 30 аса елді біріктіреді. Олар жиынтығында парниктік газдардың жаһандық шығарындыларын 80% жуығын құрайды. Климаттың өзгерістерінің салдарын жеңілдету үшін саясаттың инновациялық құралдарын жасау және жүзеге асыруға бағытталған.

«Парниктік газдар шығарындылары бойынша нақты және сенімді деректерге қажеттілік аса өзекті болып отыр, себебі елдер Париж келісімін жүзеге асыру үшін 2020 жылға дейін климаттың өзгеруін алдын-алу бойынша мақсатқа жету үшін жұмыс жасауда. Біз Қазақстандық экономиканың негізгі секторлары бойынша парниктік газдар шығарындыларының айқындығы мен есеп беруге міндеттілігін қамтамасыз етуде озық позициясын жоғары бағалаймыз»,- деп атап өтті Крейг Майснер, Дүниежүзілік банктың аға экономист-экологы, PMR жобасының басшысы.

2014 жылы Қазақстан атынан Энергетика министрлігі Серіктестікке техникалық серіктес ретінде қосылды, және әлеуетін күшейту мен Квоталар саудасы ұлттық жүйесіне алдында тұрған міндеттерді жүзеге асыруға қаржыландыру алды.

Нарыққа дайындық бойынша серіктестікті таныстыратын Дүниежүзілік банктың қоршаған орта бойынша маманы Пьер Гуигон өз сөзінде: «Парниктік газдар шығарындылары бойынша деректермен басқарудың сенімді инфрақұрылымын жасау көбінесе ресурсты шығынды және ұзақ процесс болып табылады. Біздің баяндама «Парниктік газдар шығарындылары бойынша деректер басқару: корпоративтік есептілік үшін жүйе құру» Қазақстанға Чили, Қытай, Германия, Мексика, Оңтүстік Африка, Түркия және АҚШ секілді өзге елдердің үлгілері мен тәжірибесіне негізделген бірегей ұсыныстар берді»,- деп атап өтті.

 




Яндекс.Метрика