Мемлекеттік басқарудың жаңа түрі

Қазақстанда бес институционалдық реформа міндеті кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда – саясаттанушы

Президент Конституция мен заңдарға өзгеріс енгізу арқылы билік тармақтарының өкілеттіктерін қайта бөлу мәселесін күн тәртібіне қойды, деді Оңтүстік Қазақстан облысы мәслихатының хатшысы Қайрат Балабиев.
Южно-Казахстанская область26 Қаңтар , 19:54

Елбасы  Нұрсұлтан Әбішұлы Президенттің әлеуметтік-экономикалық процестерді реттеудегі біршама өкілеттіктерін Үкіметке және басқа да атқарушы органдарға берген жөн екендігін айтады.

«Одан да күрделі міндет – билік тармақтары арасындағы қарым-қатынасты конституциялық деңгейде теңгерімді етуді ұсынып отыр.Осы реформаның аясында Үкіметті жасақтаудағы Парламенттің рөлі күшейтілмек.Парламент сайлауында жеңген партия Үкімет құрамын анықтауға түбегейлі ықпал ететін болады», - деді Қ.Балабиев.

Бұл сол сияқты министрлер кабинетінің өкілетті билік алдындағы жауапкершілігін арттырады.Сонымен қатар, биліктің заң шығарушы тармағының атқарушы билікке бақылауын күшейтеді.

Айтылған екі бағыттың қай-қайсысы да жауапкершілік пен кәсібилікті арттыру арқылы мемлекеттік басқару тиімділігін күшейтеді.Қазір жаһандану жаңғырығы есігіңізді іштен құлыптап алғанды көтермейді. Көш соңында қалдырып кетеді.

«Осының бәрін ой елегінен өткізген Мемлекет Басшысы еліміздің келешегін одан нығайту үшін осындай қадамға барды. Біз Үндеуді толықтай қолдаймыз.Президент нақтылаған екі бағыт мемлекеттік басқарудың тиімділігін артыратындығы сөзсіз. Сондықтан, жұмысшы тобына қоғамдық талқылауға шығарылатын сұрақтарды барынша зертеп, нақтылаған жөн болар еді», - деді ол.

Оның айтуынша, заман бір орында тұрмайды. Жаһандық қауіп қатерлер әлемдегі мықты саналатын талай мемлекеттердің қабырғасын күйретпегенімен айтарлықтай зардабын тигізіп жатыр. Үндеудегі байламда Елбасы реформаларды уақытында қабылдауды ұсынып, еліміздің болашағын кемел етудің тетіктерін ұсынды.Ендігі сөз - халық талқысында.

 

 

 




Яндекс.Метрика