Энергияның балама көздерін дамыту

ОҚО-ның Ордабасы ауданын газбен қамтамасыз етуге 1,7 млрд теңге бөлінеді

ОҚО-ның Ордабасы ауданын газбен қамтуға 1,7 млрд теңге бөлінеді, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Южно-Казахстанская область27 Қаңтар , 08:49

2016 жылы Ордабасы ауданында  50 млрд  999 млн теңгенің өнімі өндірілген. Аудан бюджеті 14 млрд 385 млн теңгеге жетсе, жергілікті кірістер 1 млрд 160 млн теңгені құрапты. Ауыл шаруашылық өнім көлемі  29 млрд 433 млн теңгеге артса, мал шаруашылығының өндірісі 15 млрд. 358 млн. 700 мың теңге, егін шаруашылығы бойынша түскен табыс 14 млрд. 075 млн. 100 мың теңгеге жеткен.

Аудан әкімі мен ауыл округі әкімінің жылдық есебін тыңдаған өңір басшысы Жансейіт Қансейітұлы Шұбар ауылдық округінде инвестиция тарту, жаңа жұмыс орындарын ашу бойынша жұмыстардың өз деңгейінде  жүргізілмегенін жеткізді.

«Шұбар индустриалды аймағында бірде бір жоба жұмыс істеп тұрған жоқ. 93 гектар жер 3 жылдан бері бос тұр. Сондай-ақ  аталған  окрукте  «Индустрияландыру картасы» мен  «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламалары бойынша ешқандай жоба іске асырылмаған. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін бірде бір шағын цехтар ашылмапты. Аул округі аймағында ішкі жолдардың 66 пайызы қанағаттанарлықсыз жағдайда»,- деді облыс әкімі Жансейіт Қансейітұлы.

Ордабасы ауданының дотациялы өңір екеніне тоқталған облыс әкімі аудан бюджетінің 9 пайызы ғана  яғни 1,3 млрд теңгесі өзіндік кірістер, қалған 13 млрд. теңгесі  91 пайызы  трансферттер мен субенциялар құрайтынын жеткізді.  2017 жылы ауданға әлеуметтік экономикалық жағдайын арттыру мақсатында республика, облыс бюджетінен  16 млрд. теңге бағатталып отыр.

Аудандағы ең басты мәселе – газдандыру. Осы мақсатта биыл 1,7 млрд теңге бөлініп, тұрғындар көгілдір отынған қол жеткізеді. Сондай-ақ өңірдегі 5 жаңа мектептің құрылысына 2,3 млрд теңге бағытталып отыр.

 

 




Яндекс.Метрика