Басқару

Ақордада Конституцияға өзгерістер енгізу туралы заң жобасына қатысты ұсыныстарды қабылдау басталды

Ақордада Конституцияға өзгерістер енгізу туралы заң жобасына қатысты ұсыныстарды қабылдау басталды, деп хабарлады баспасөз қызметі.
Астана қаласы26 Қаңтар , 17:21

«Қазақстан Республикасының  азаматтары мен мекемелерінің назарына. Елбасы ұсынған  «Қазақстан Республикасының Консти­туциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының жобасы бүкілхалықтық талқылауға  2017 жылғы 26 қаңтар 2017 жылғы 26 ақпан аралығында өткізіледі. Осыған орай ұсыныстар 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Үкімет үйі,  Қазақстан Республикасының Президент Әкімшілігінің  Мемлекеттік-құқықтық бөлімі, электрондық пошта -  ap2017@akorda.kz мекен-жайы бойынша қабылданады», - деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. 




Яндекс.Метрика