Адами капитал

ҚР ҚК әскери қызметшілері алғаш рет жаңа парашют жүйесі бойынша түнгі мезгілде топ құрамында секіруді орындады

Қазақстанның Қарулы Күштерінде Парашют даярлығы орталығының әскери қызметшілері қысқы жағдайда түнде топ құрамында дайындалмаған алаңға парашютпен десант түсіруді тұңғыш рет пысықтады, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Казахстан 26 Қаңтар, 20:41

Бұл топтасып секіруді орындай отырып, олар 2016 жылдың күзінде әкелінген арнайы мақсаттағы «Insider-300 SF» және «Альфа-Аксиома» заманауи парашюттік құрылымын бірінші рет пайдаланды.

«Аталған жаттығуларды орындау қазіргі заманғы парашют техникаларының үлгілерін зерделеуге және оны меңгеруге, сондай-ақ парашютпен даярлық бағдарламасын сапалы орындауға күш-жігерді бағыттауға, кез-келген жағдайда жүктелген міндеттерді орындауға қабілетті әскери қызметшілердің кәсіби даярлық деңгейін арттыруға және әрі қарай оның жоғары жауынгерлік даярлығын қолдауға мүмкіндік береді», - деп ҚР ҚК Парашют даярлығы орталығының бастығы подполковник Леонид Дудкин атап өтті.

Секірулерді орындау барысында орталықтың нұсқаушылар құрамы жерге арнайы түсірілетін шырақтарды қолдану арқылы парашютшінің дербес жел бағытын көрсету тәсілі пысықталды.

 





Яндекс.Метрика