Қазақстан және БҰҮ

ҚР СІМ БҰҰ-дағы «Барлығы үшін тұрақты бейбіт өмір құру» атты жоғары деңгейдегі сұхбаттың ашылуына қатысты

Нью-Йоркте Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев Біріккен Ұлттар Ұйымының негізгі тақырыбы бейбітшілік, қауіпсіздік және тұрақты дамудың өзара байланысы мәселелерін талқылау болған іс-шараларына қатысты.
Әлемде26 Қаңтар , 16:53

ҚР СІМ хабарлағандай, БҰҰ жанындағы Қазақстан Республикасының тұрақты өкілдігі Беларусь пен Суринам делегацияларымен, сондай-ақ БҰҰДБ-мен ынтымақтастық жасай отырып, «Ілгерілеу және тұрақты даму үшін жауапты басқару, қарусыздандыру және таратпау» атты бірлескен іс-шара ұйымдастырды. Іс-шарада БҰҰ Бас Ассамблеясының төрағасы Питер Томсон, ЭКОӘК төрағасы Фредерик Шава, БҰҰ Бас хатшысының экономикалық және әлеуметтік мәселелер жөніндегі көмекшісі Ленни Монтьель, Беларусь Республикасы сыртқы істер министрінің орынбасары Валентин Рыбаков, БҰҰ жанында аккредиттелген дипломатиялық миссиялардың, сондай-ақ академиялық топ өкілдері сөз сөйледі.  

Қазақстанның сыртқы істер министрінің орынбасары өз сөзінде қатысушылардың назарын «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесін және БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің жыл сайынғы қорғаныс бюджетінің 1%-ын Ұйымның Тұрақты даму қорына бөлу туралы идеяны қоса алғанда, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың халықаралық бастамаларына аудартты. Соңғы бастама қорғаныс кешенінен қаржы ағымдарын БҰҰ Тұрақты даму мақсаттарын іске асыруға қайта бағыттауға мүмкіндік береді.

Бұдан бөлек, Е. Ашықбаев БҰҰ Бас Ассамблеясының төрағасы шақырған «Барлығы үшін тұрақты бейбіт өмір құру: 2030 жылға дейінгі тұрақты даму күн тәртібі мен бейбіт өмірді сақтау арасындағы өзара байланыс» атты жоғары деңгейдегі сұхбаттың ашылуына қатысты. Іс-шараға жаңа идеялар мен бастамаларды әзірлеу мен ілгерілету және осы арқылы тұрақты дамуды іске асыруға және бейбіт өмірді сақтап қалуға үлес қосу мақсатында, БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш, БҰҰ БА төрағасы П. Томсон, ЭКОӘК төрағасы Ф. Шава, БҰҰ Хатшылығының басқарушы лауазымды тұлғалары, дипломаттар, ҮЕҰ өкілдері, азаматтық және академиялық қоғам өкілдері қатысты.

Сондай-ақ Е. Ашықбаев ҚР Парламенті Сенатының елдің халықаралық келісілген міндеттемелерге бейімділігі туралы өтінішін қоса алғанда, 2030 жылға дейін тұрақты даму саласындағы БҰҰ жаһандық күн тәртібін практикалық іске асыру бойынша ұлттық деңгейде Қазақстан қабылдап жатқан шаралар туралы да ақпарат берді.

Сонымен қатар іс-шара аясында Қазақстанның сыртқы істер министрінің орынбасары Беларусьтің сыртқы істер министрінің орынбасары В. Рыбаковпен екіжақты кездесу өткізді. 




Яндекс.Метрика