Мемлекеттік басқарудың жаңа түрі

Демократиялық қоғамның белгісі – билік тармақтарының арасында тепе-теңдік ұстанымының сақталуы – сарапшы

Мемлекет басшысының халыққа арнайы үндеуін тарихи кезең ретінде, алға жасаған нық қадам деп атар едім, деді Әлеуметтік ғылымдар магистрі,Ақтөбе облыстық Ақпараттық-талдау орталығының маманы Нұрлыхан Хасенов.
Ақтөбе26 Қаңтар , 16:17

«Демократиялық қоғамның бірден-бір белгісі – билік тармақтарының арасында тежемелік және тепе-теңдік принциптердің сақталуы. Қазіргі сәтте, бұл принциптің одан әрі жүзеге асуына дәл осындай өзгерістер септігін тигізері мәлім.Бәрімізге аян, біз президенттік мемлекет ретінде құрылуымызға тарихи сәттер әсер етті», - деді ол.   

Ол айтып өткендей, уақыт өте келе талаптар өзгереді, заңдарды қайта қарауды қажет етеді. Ендігі межеде, сенім білдіріліп отырған Үкімет жұмысына және Парламент өкілеттіктеріне уақытылы дұрыс бағытта дамуына үлес қосу. Әрине, бұл өзгерістер белгілі бір уақыт талап етеді.

«Дегенмен Бес институционалдық реформаның бесінші тармағының орындалуын қамтамасыз ететін бұл өзгерістер Қазақстан Республикасының дара жолын салары анық.Дәл осы сәтке дейінгі Елбасы бастама көтерген реформалардың жүзеге асуының белгісі ретінде бұл шешімнің кезең-кезеңмен қабылдануы өте орынды», - деді Н.Хасенов.

 

 




Яндекс.Метрика