Мемлекеттік басқарудың жаңа түрі

Қазақстан дамудың жаңа сатысына көтерілді – А.Тайжанов

Қазіргі жаһандану заманында демократиялық процесстер күшейіп жатқан кезде, Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртуға бағытталған билік тармақтарының өкілеттіктерін қайта бөлу жөніндегі бастамасы өте дұрыс, деді философия ғылымдарының докторы, профессор Алтай Тайжанов.
Ақтөбе26 Қаңтар , 12:54

«Президент атап өткендей, күшті президенттік өкілеттілік бізге тәуелсіздіктің алғашқы қиын жылдарында қажет болды. Оның жетістіктерін тәуелсіздіктің 25 жылы ішінде көріп, сезінудеміз», - деді А.Тайжанов.

Профессор айтып өткендей, Мемлекет басшысының «Ең жақсы жоспар – уақыт талабына бейімделе алатын жоспар» деген сөзі бар. Сондықтан, уақыттың талабы мен қоғамның өзгергендігін ескере отыра, межесі – анық, мақсаты – айқын тәуелсіз Қазақстан үшін билік тармақтарының арасындағы қарым-қатынасты конституциялық деңгейде теңгерімді етіп, атқарушы биліктің жауапкершілігі мен Парламенттің ролін күшейту өте маңызды.

Ең бастысы, заң шығарушы органның атқарушы билікке бақылауын күшейтеді.

«Мұның барлығы ел Президентінің заманның талабы мен ел мүддесін жан-жақты бағалап, мемлекеттің жақын бо­лашақтағы даму бағытын көрегенділікпен айқын­дап отырғандығын көрсетеді», - деді ол.




Яндекс.Метрика