Халықаралық интеграция

2017 жылдың мамыр айында Варшава-Астана бағытында әуе рейсі ашылады

2017 жылдың мамыр айынан Варшава – Астана бағытында әуе рейсі ашылады, деп хабарлады Инвестициялар және даму министрлігінің баспасөз қызметі.
Нұр-Сұлтан26 Қаңтар , 12:23

Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) әуе байланысы жөнінде келіссөздер жүргізу бойынша өткен (ICAN 2016) жыл сайынғы 9-конференциясы аясында ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитетінің делегациясы Польшаның авиация билігімен келіссөздер жүргізді.

«Келіссөздер нәтижесінде екі тараптың белгілеген әуекомпанияларының Астана, Алматы және Варшава қалалары арасында тұрақты әуе рейстерін орындауына мүмкіндік беретін өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды», - делінген  хабарламада.

 Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде, халықаралық мамандандырылған EXPO-2017 қарсаңында тағайындалған Польшаның LOT Polish Airlines әуекомпаниясы 2017 жылдың  мамырынан Варшава – Астана – Варшава бағыты бойынша аптасына 4 рет тұрақты әуе рейсін орындауды жоспарлап отыр.

 

 




Яндекс.Метрика