Мемлекеттік басқарудың жаңа түрі

Н. Нығматулин: Елбасы мемлекеттік құрылымның айырықша шешімін ұсынды

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Қазақстан Президентінің билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі Үндеуін таратып айтты.
Нұр-Сұлтан26 Қаңтар , 09:57

Н.Нығматулиннің пікірінше: Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері бойынша бастамасы біздің Мемлекет Басшысының саяси жүйені демократияландыруға деген сенімінің тағы да жарқын екендігін көрсетеді.

"Соған орай елімізде билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу бойынша реформаға қатысты Елбасының бастамасын сапалы заңнамамен қамтамасыз ету үшін депутаттық корпустың жауапкершілігі арта түспекші",- деп көрсетті Мәжіліс Спикері.

Сонымен бірге, белсенділікті арттырудың тәсілі – мемлекеттік органдардың қоғам алдындағы жауапкершілігін күшейту процессінің белсенді кезеңі басталғаны көрініс табады. Сондай-ақ, Н.Нығматулин, Елбасы қазақстандықтарға мемлекеттік құрылым мен саяси мәдениеттің жаңа деңгейіне жетудің айырықша шешімін ұсынғанын атап өтті.
 




Яндекс.Метрика