Ұлттың денсаулығы

Солтүстік Қазақстанда бірегей спорт кешені ашылды

Қызылжар ауданының Новоникольское ауылында жаңа дене шынықтыру және сауықтыру кешенi ашылды. Нысанды ашу салтанатына облыс әкiмi Ерiк Сұлтанов қатысты, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Солтүстік Қазақстан26 Қаңтар , 15:21

Құрылыс пен жабдықтардың құны 240 млн. теңге. Кешенде волейбол мен баскетболға арналған алаң, жаттығу залы, әдiстеме, медициналық кабинет, сондай-ақ, киiнiп-шешiнетiн бөлiм, душ бөлмесi, бильярд залы орналасқан.

 Нысанда 25 метрлiк 4 жолақшасы бар бассейн, бұдан астам спорттық нысандар жұмыс iстейдi. Соңғы екi жыл iшiнде бiз 192 хоккей қорапшасын, 255 футбол алаңын салдық. Сондай-ақ, жұмыс сапары барысында облыс әкiмi мал шаруашылық кешенiнiң жаңа бөлiмшелерiне барды.

Мұнда беларустiк «Инвет» ААҚ компаниясының жабдықтары орнатылған. Сиыр қораның жобалық қуаттылығы 356 бас, бұзау қораның қуаттылығы 100 бас және төлдету бөлiмiнде 135 бас мал бар.

 




Яндекс.Метрика