Мемлекеттік басқарудың жаңа түрі

Сарапшы: Реформалар мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттырады

Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына жолдаған үндеуінде ҚР Конституциясы мен кейбір заңдарына өзгерістер енгізетіндігін атап өтті. Алдағы уақытта еліміз Президенттік басқару жүйесінен парламенттік басқару жүйесіне өтуді жоспарлап отыр. Президенттің үндеуіне қатысты «Sayasat.org» интернет жобасының бас редакторы Бауыржан Төлегенов өз пікірін білдірді.
Астана қаласы25 Қаңтар , 22:43

«Sayasat.org»  интернет жобасының бас редакторы Бауыржан Төлегенов бұл өзгерістер мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттырады деп отыр.

«Елбасының бағдарламасы әлемде болып жатқан жайттарға байланысты құрылымдық өзгерістер халықты бейімдеуге бағытталған. Билік тармақтарының өкілеттіктерінің ауысуы саяси тұрғыдан тиімді. Жалпы мемелекеттік басқару жүйесінің жақсаруына оң әсер етеді», – дейді Бауыржан Төлегенов.

 




Яндекс.Метрика