Мемлекеттік басқарудың жаңа түрі

ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Заң жобасы бүкілхалықтық талқылауға ұсынылады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын бүкілхалықтық талқылау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Нұр-Сұлтан25 Қаңтар , 21:29

Жарлықта көрсетілгендей:

1. «Қазақстан Республикасы Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының жобасы (бұдан әрі – Заң жобасы) бүкілхалықтық талқылауға шығарылсын, ол 2017 жылғы 26 қаңтар - 2017 жылғы 26 ақпан аралығында өткізілсін.

2. Заң жобасы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.

3. Мемлекеттік биліктің тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі жұмыс тобы бүкілхалықтық талқылау барысында айтылған ұсыныстарды талдауды және жинақтап қорытуды, осы ұсыныстарды ескере отырып, Заң жобасын пысықтауды және оны Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізуді қамтамасыз етсін.




Яндекс.Метрика