Мемлекеттік басқарудың жаңа түрі

Тамара Дүйсенова Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметіне тағайындалды

Елбасы Нұрсұлтан назарбаев Т.Б. Дүйсенованы Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметіне тағайындау туралы Өкімге қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Астана қаласы25 Қаңтар , 17:32

«Т.Б. Дүйсенованы Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметіне тағайындау туралы

Тамара Босымбекқызы Дүйсенова Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі қызметінен босатылсын», - делінген Өкім мәтінінде.

Сондай-ақ, Е.А. Біртановты Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі қызметіне тағайындалды.

Оған қоса, Мемлекет басшысының Өкімімен Бағдат Батырбекұлы Мусин Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнаулы есепке алу комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды.  Мемлекет басшысының Өкімімен Сәуле Мұханбедианқызы Айтпаева Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнаулы есепке алу комитетінің төрайымы қызметінен босатылды.




Яндекс.Метрика