Білім беру

Ақмола облысында аудандық мектептің жөнделуіне 90 млн теңге бөлінді (ФОТО)

Атбасар ауданына жұмыс сапарымен барған облыс әкімі Сергей Кулагин Пакровка орта мектебіне бас сұқты. Бұл білім ошағы өткен жылы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында «Покровка - Агро» ЖШС есебінен, 90 млн. теңгеге күрделі жөндеуден өткен, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Ақмола 25 Қаңтар, 19:38

«Біз шатырды, кіре берісті, есік, терезелерді, едендік төсемелер мен плиткаларды жаңарттық. Толық ішкі әрлеу жұмыстарын жүргізіп, қабырғаларды создық, мектеп алдындағы жолды жөндеп, қоршаулар орнаттық. Сондай-ақ, мектептің ескі жиһазы да толық жаңартылды», - деді облыс әкіміне аталмыш кәсіпорын басшысы Уәлихан Арипов.

Атап өту керек бұл осы ауылдағы жеке сала тарапынан жасалып жатқан жалғыз игілікті көрсеткіш емес. Өткен жылы «Әріп-Агро» ЖШС осы Пакровка ауылының жергілікті фельдшерлік-акушерлік орталығын жөндеп берген.

Атап айтқанда жеке серіктестік дәрігерлік мекемеге жөндеуден басқа дәрігерлік жиһаз, қондырғылар мен жедел жәрдем көлігін сатып алып берген. Жалпы ФАП-тың материалдық-техникалық базасын жаңартуға 11 млн. теңге қаражат жұмсалған екен.

 





Яндекс.Метрика