G-global

Қазақстанның 6 облысында жасыл технологиялар орталығы ашылды

Қазақстанның 6 облысында жасыл технологиялар орталығы ашылды, деді Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында «Жасыл экономиканы қолдау мен G-Global-ды дамыту Коалициясы» ЗТБ басқарма төрайымы Салтанат Рақымбекова.
Астана қаласы25 Қаңтар , 19:54

«2016 жылдың үлкен жетістіктерінің бірі Қарағанды, Қостанай, Алматы, Жамбыл, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында жасыл технологиялар орталықтарының ашылуы болды», - деді ол.

2017 жылы Коалиция Ақмола облысы Аршалы ауданының ауылдарында ауыл кооперативтерін құруға кірісіп кетті.

ЭКСПО-2017 қонақтары мен туристердің тамашалауына арналған өзге де объектілер. Бұлар – Қазақстанның алғашқы жасыл ауылы – Арнасай, «EXPO Camp» жастардың «жасыл» лагері, Арнасайдағы қонақтарға арналған эко-үйлер, «Сарыжайлау» жасыл эко-этноауылы, қоқыс өңдей отырып, газ, жылу, электр энергиясын және тыңайтқыш алатын Қазақстандағы алғашқы ауылдағы зауыт.

Онлайн-ЭКСПО-2017 конкурсы мен экологиялық тату бизнес конкурсының нәтижелері бойынша Коалиция әріптестерімен бірлесіп отандық үздік «жасыл» технологиялар мен инновацияларды іріктеп алады, бизнесті өнертабыстарын «Арнасай» ЖТО-ға орнатуға, оның ішінде ЭКСПО -2017 халықаралық көрмесіне келушілерге таныстыруға шақырады.

Коалиция әріптестерімен бірлесіп «Сарыжайлау» эко-этноауылын құру жобасын әзірледі. Онда ашық аспан астында қазақстандық инноваторлар мен өнертапқыштардың, «Online EXPO-2017» конкурсы лауреаттарының экспонаттарын орналастыру жоспарланып отыр.

Тағы бір жарқын жоба Арнасайдағы «EXPO Camp» жастардың «жасыл» лагері болып табылады. Лагер құрудың мақсаты – елдердің балалары мен жастары арасында халықаралық, экологиялық, этнографиялық, практикалық және зияткерлік демалыс пен тәжірибе алмасуды дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, қоршаған ортаны қорғау, «жасыл» технологияларды пайдалану.

 

 

 




Яндекс.Метрика