Басқару

Н.Назарбаев: Универсиада-2017 халықтың бірлігін нығайтуға ықпал етеді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2017 жылғы 28-ші Дүниежүзілік қысқы универсиада алауын жағу рәсіміне қатысты, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Астана қаласы 25 Қаңтар, 12:53

Мемлекет басшысы Универсиада еліміздің тәуелсіздігі тарихында халықтың бірлігін нығайтуға ықпал ететін спорт саласындағы ең ірі оқиға болып саналатынын айтты.

«Атқарылған жұмыстардың бәрін жастар үшін жасадық. Универсиаданың әлеуметтік инфрақұрылымы, спорт нысандары бізге ұзақ жыл бойы қызмет ететін болады», – деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің ұлттық құрамасына қазақстандықтардың қолдау көрсететіне, сондай-ақ 2017 жылғы универсиада шын мәнінде бүкілхалықтық мерекеге айналатынына сенім білдірді.

Соңында Елбасы спортшыларға алдағы жарыстарда табыс және жарқын жеңістер тіледі.

 

 

 

 





Яндекс.Метрика