Евразиялық одақ

ЕЭК ЕАЭО елдерінде тауарларды жеткізу мен шығару орындары туралы ақпараттандырады

Еуразиялық экономикалық комиссия сайты ЕАЭО елдерінде тауарларды жеткізу мен шығару орындары туралы ақпараттандыратын болады.
Әлемде26 Қаңтар , 09:34

«Еуразиялық экономикалық комиссия коллегиясы Еуразиялық  экономикалық одақтың кедендік аймағында тауарларды жеткізу мен  шығарудың  технологиялық құжаттарын  нақтылады. Құжат автомобиль, темір жол, теңіз және әуе жіберу пункттерінің ортақ реестрін құруды қарастырады», - деп хабарлады ЕЭК.

 ЕЭК Коллегиясының шешімі күшіне енген соң сыртқы экономика қызметінің қатысушылары   ЕАЭО аймағында тауарлардың жеткізілуі мен шығару орындару туралы  толық ақпаратты  Комиссияның кедендік инфрақұрылым департаментінің апарақшасынан  көре алады.

Ортақ тәртіп  кедендік органның атауы мен жіберу пунктінде кедендік операцияларды  жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда  ЕЭК Кедендік инфрақұрылым  департаментінің парақшасында  кедендік өкілдердің ортақ реестрі, уақытша сақтау қоймасы, еркін  экономикалық аймақ резиденттері туралы ақпарат бар.




Яндекс.Метрика