Ұлттың денсаулығы

ДСӘДМ: Қазақстанның 7 аймағында ауруларды басқаруды енгізу бағдарламасы қатысушыларының денсаулығы нығая түсті

Қазақстанның 7 өңірінде пилоттық тәртіпте Ауруларды басқару бағдарламасын енгізу созылмалы жүрек кемістігі бар бағдарлама қатысушыларының ауыр жағдайын 50%-ға азайтуға, артериалдық гипертензиясы бар көптеген пациенттердің артериалдық қысымын тұрақтандыруға мүмкіндік берді.
Казахстан25 Қаңтар , 13:47

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі  хабарлағандай,  АББ 2013 жылдан бастап Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарындағы 7 емханасында пилоттық тәртіпте енгізілді. Жобаны жүзеге асыру барысында артериалдық гипертензия, созылмалы жүрек кемістігі және қант диабеті бар 1213 пациенттермен келісім жасалыдв. Оған сәкес, медициналық ұйымдар АББ қатысушысы-пациентпен үнемі байланыста бола отырып, пациентке динамикалық бақылау жасайтын мультидисциплинарлық командаларды құрады.

Емханалар жанында пациенттерді өзіне өзі көмек көрсету қағидаларына, өз денсаулығына дұрыс қарым-қатынас жасауға үйрететін, салауатты өмір салты мен өздігінен білім алу бойынша ақпараттық материалдармен қамтамасыз ететін денсаулық мектептері жұмыс істейді. Ақпараттандырылған пациенттер өзін-өзі бақылау күнделігін жүргізеді, денсаулығына әсер ететін факторларды бақылайды.

Осылайша, бағдарлама пациенттермен қатар медициналық қызметкерлерге өз ауруларын басқаруға, оның асқынуына жол бермеуге мүмкіндік туғызады. 

2016 жылғы оң нәтижелерді ескере отырып, АББ-ны жүзеге асыру 5 жаңа аймақта: Астана, Алматы қалаларында, БҚО, Қарағанды, Қостанай облыстарында енгізілетін болады.

Қазіргі таңда АББ жоғарыда аталған аймақтардың 23 медициналық ұйымдарында енгізілуде. АББ-ға қатысу туралы 3393 пациентпен келісім жасалды. Оның ішінде 1388 - артериалдық гипертензия, 432 – созылмалы жүрек кемістігі және 1573 – екінші типтегі қант диабеті бар адамдар.

 

АББ-ны енгізу нәтижесінде созылмалы жүрек кемістігі бар адамдардың жедел көмекті талап ететін ауыр жағдайы 50%-ға төмендеді. Артериалдық гипертензиясы бар пациенттердің көпшілігінде артериалдық қысымның тұрақтануы байқалды. Қант диабеті бар пациенттерді инструменталды және зертханалық зерттеулермен қамтамасыз ету ұлғайды (75%-ға дейін).

 

2017 жылы АББ-ны 4 жаңа аймақта: Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Қызылорда облыстарында енгізу жоспарланып отыр.

 

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының басты бағыттарының бірі – созылмалы аурумен сырқаттанған пациенттердің өмір сүру жасы мен сапасын арттыру үшін алғашқы медициналық санитариялық көмекті басымдықпен дамыту және жетілдіру компоненті ретінде Ауруларды басқару бағдарламасын енгізу болып табылады.




Яндекс.Метрика