Евразиялық одақ

ЕАЭО-да бизнесті жүргізу шарттары қолжетімді болады – ЕЭК

ЕЭК Еуразиялық экономикалық одақта бизнесті жүргізу шарттарын оңайлатады.
Әлемде25 Қаңтар , 16:57

Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) алқасы кедендік ынтымақтастық, ақпараттандыру және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, экономика және қаржы саясаты, сауда, техникалық реттеу, көлік саласында бірқатар шешімдер қабылдады.

«Шешім қабылдаған кезде біз мемлекеттеріміздің ұлттық экономикалары мен бюджеттері үшін салдары қандай болатынына және оның Одақ елдерінде өндірілетін тауарлардың бәсекеге қабілеттілігіне қалай әсер ететініне ерекше назар аударуымыз», - деп атап өтті ЕЭК Алқасының төрағасы Тигран Саркисян.

ЕЭК Алқасы Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес бірқатар тауарларды жіктеді. Осы шешімдерді іске асыру деректердің дұрыстығының деңгейін арттырып, кедендік баж бен салықтардың дұрыс есептелуімен байланысты жағдайды жақсартады.

ЕЭК Алқасы тауарларды ЕАЭО кеден аумағына әкелу және одан әкету орындарының ақпараттық өзара іс-қимылын регламенттейтін технологиялық құжаттарды бекітті. Бұл жерде автомобиль, теміржол, теңіз және әуе өткізу пункттерінің тиісті жалпы тізілімін қалыптастыру, жүргізу және пайдалану туралы сөз қозғалып отыр. Сыртқы экономикалық қызметке (СЭҚ) қатысушылар барлық қажетті ақпаратты ала алады.

Бұдан бөлек, ЕЭК ақпараты бойынша, техникалық регламенттердің жобаларына – ЕАЭО нарығына қатысушылар үшін негізгі құжаттар болып табылатын, тауарлардың қауіпсіздігін реттейтін құжаттарға метрологиялық сараптама жүргізудің бірыңғай тәртібі бекітілді. Сондай-ақ, құжат стандарттар тізбесінің жобаларына метрологиялық сараптама жүргізу тәртібін айқындайды. Одақ аясында барлығы 40 бірыңғай техникалық регламент қабылданған, олардың бесеуі өткен жылы қабылданған. Қазір тауарлардың 80%-ға жуығы бірыңғай техникалық реттеуге жатады.  

«Осылайша, ЕАЭО-да өнім қауіпсіздігі артып, бизнесті жүргізу оңайлатылуда», - деп атап өтті ЕЭК.

ЕЭК Алқасы ЕАЭО бірыңғай нормативтік-анықтамалық ақпарат жүйесін қалыптастыру мен жетілдіру жөніндегі 2017-2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекітті. Жоспарда Одақтың бірыңғай нормативтік-анықтамалық ақпарат жүйесінің әдіснамалық негіздері мен ресурстарын қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар кешені көзделеді.

Алқа мүшелері Еуразиялық экономикалық комиссия мен Халықаралық теміржол одағы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумның жобасын мақұлдады. Бұл теміржол көлігінің жетекші халықаралық үкіметтік емес құрылымдарының бірі, оған 200-ге жуық кәсіптік ұйым кіреді. Тараптар өңіраралық ынтымақтастықты дамытуға, теміржол көлігінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша жаңа тәсілдерді бірлесіп іздеуге ниетті.




Яндекс.Метрика