ҚР ИИДМБ

Биыл Ақмола облысында iрi цемент зауыты іске қосылады

Облыс әкiмдiгiнде аймақ басшысы С.В. Кулагиннiң төрағалығымен Еңбекшiлдер ауданындағы «Көкше-Цемент» ЖШС зауытын пайдалануға беру мәселесi талқыланды, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Ақмола25 Қаңтар , 12:23

Аталмыш кәсiпорын басшысы Мұрат Молтұсыновтың айтуынша «Көкше-Цемент» ЖШС-да қазiргi уақытта құрылыс-монтаждық жұмыстар аяқталған, яғни жобаға құйылған 61,3 млрд. теңге инвестиция толық игерiлген.

«Бүгiнде кәсiпорында iске қосу және жөндеу сондай-ақ нысанды iске қосу бойынша тиiстi құжаттарды рәсiмдеу жұмыстары жүргiзiлуде. Оған қоса дайын өнiмдi нарыққа шығару бойынша шаралар да басталып кеттi. Сынамалық режiмде 4 200 тонна клинкер кiрпiшi мен 4 500 тонна цемент өндiрiлiп, тәжiрибемiз сәттi аяқталды.Зауытта қазiрдiң өзiнде 545 адам жұмыс iстеуде, кәсiпорын iске қосылғаннан кейiн жұмысшылар санын 650-ге дейiн көбейтудi көздеудемiз, — деп атап өттi М. Молтұсынов.

Өңiр басшысы өз кезегiнде цемент зауытын тезiрек iске қосу қажеттiгiн айтты.

«Бiз бүгiн әрi қарай бiрлесiп жұмыс iстеу тетiктерiн қарастыру үшiн жиналдық. Бiз мұндай iрi жобаны қай жағынан болса да қолдаймыз. Өйткенi бұл бiздiң азаматтар үшiн қосымша жұмыс орындары, зауыт бiздiң өңiрдiң құрылыс индустриясын дамытуға күш салатын болады. Ең бастысы кәсiпорында адамдардың 100% қауiпсiздiгi сақталуы қажет», — дедi әкiм.

Еске сала кетейiк, Ақмола облысының Еңбекшiлдер ауданында елiмiздiң құрылыс индустриясына тың серпiн беретiн iрi жобалардың бiрi — жылына 2 млн. тонна цемент өндiретiн iрi зауыттың құрылысы жүзеге асырылуда.  

 




Яндекс.Метрика