Ұлт жоспары 100 нақты қадам

Ақмолалық Қоғамдық келісім кеңесі балаларды емдеуге 71 млн теңгеден астам қаражат жұмсаған

Ақмолалық Қоғамдық келісім кеңесі балаларды емдеуге 71 млн теңгеден астам қаражат жұмсады, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Ақмола25 Қаңтар , 10:49

«100 нақты қадам» ұлт жоспарының 86-қадамын іске асыру барысында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Үлкен ел – үлкен отбасы» ауқымды жобасы аясында Қоғамдық келісім кеңесі өткен жыл ішінде 314 қайырымдылық іс-шарасын өткізіп, онда 71 099 310 теңге жиналғаны белгілі болды. Жиналған ақша аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасылардан шыққан балаларға көмек ретінде, сондай-ақ оларды емдеуге бағытталған.

«Ақмола облысында 2800 адамды қамтитын 240 Қоғамдық келісім кеңесі жұмыс істейді. Кеңестер анағұрлым маңызды проблемаларды талқылау және қоғам пікірін мемлекеттік органдардың назарына жеткізу үшін әмбебап сұхбаттасу алаңына айналды. Отырыстарда этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуға, қазақстандықтардың патриоттық сезімін тәрбиелеуге, дәстүрлердің сабақтастығына, елді мекендерді абаттандыруға, аз қамтылған азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетуге, салауатты өмір салтын насихаттауға, кәсіпкерлікті дамытуға, ауылдағы жұмыспен қамтуға қатысты анағұрлым өзекті мәселелер және медиация мәселелері қаралды», - деп ақпарат берді Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Госман Толегул.

Мысалы, Астрахан ауданында орталық стадионда күрделі жөндеу жүргізілген, Сандықтау ауданында Красная поляна ауылы мен Петриковка ауылы арасындағы көпір жөнделген, сондай-ақ Мәдениет үйі қалпына келтірілген.

Бұдан бөлек, Госман Толегул атап өткендей, Қоғамдық келісім кеңестері ардагерлерді, кәсіподақ қызметкерлерін, жастар ұйымдарын, қоғамдық ұйымдарды мемлекеттілікті, халық бірлігін нығайту және қазақстандықтарды «Мәңгілік ел» құндылықтарының айналасына шоғырландыру жөніндегі міндеттерді іске асыруды насихаттауға тарту бойынша үлкен жұмыс жүргізуде.  




Яндекс.Метрика