Ұлттың денсаулығы

Қызылорда облысының перинаталдық орталығына жаңа медициналық жабдық тапсырылды

Қызылорда облысының перинаталдық орталығына жаңа туған сәбилерге арналған жаңа медициналық жабдық тапсырылды, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Қызылорда25 Қаңтар , 09:53

Қызылорда облысында  Atom Transcapsul V-808 көлік инкубаторының екеуі қаладағы перинаталдық орталыққа жеткізілді.  Өмірлік маңызы зор  қондырғының  құны 48 300 000 теңгені құрап отыр.

«Айталық, 2015 жылы 198 нәресте шетінеп кеткен. Олардың 74 пайызы шала туған сәбилер. Ал өткен жылы 7 айда 79 балаға неонатологтардың шұғыл көмегі қажет болды. 62 нәресте облыстық перинаталдық орталыққа тасымалданса, 17 сәбиді аудандық  ауруханаларда ем алған. Инкубаторлар нәрестелерді, әсіресе шала туған туған сәбилерді облыстық перинаталдық орталыққа тасымалдау кезінде оларды қоршаған ортаның әсерінен қорғап, баланың өмірін аман сақтап, оның әрі қарай өсіп жетілуі үшін қажетті ортаны жасап береді», - деді Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Ақмарал  Әлназарова.

 

 

 




Яндекс.Метрика