Халықаралық интеграция

Ресей Конституциялық жобаны сириялық оппозиционерлерге тапсырды

Ресейлік сарапшылар Сирия Конституциясының жобасын әзірледі. Құжат сириялық әскери оппозиция өкілдеріне зерттеуге тапсырылды, деді ресейлік делегация басшысы, Сирия жөніндегі РФ Президентінің арнайы өкілі Александр Лаврентьев.
Астана қаласы 24 Қаңтар, 23:09

«Біз  ресейлік  мамандар әзірлеген  Сирия Конституциясының жобасын   сириялық оппозиция өкілдеріне меңгеруге тапсырдық. Біз осы әрекетеміз арқылы үрдісті жеделдетіп  қосымша ынтыландыратын түрткі сыйлағымыз келді», - деді А.Лаврентьев.

Делегация жетекшісі айтып өткендей, ресейлік тарап негізгі заң - ел Конституциясын қарауға және қабылдауға араласпайды.

«Біздің пайымдауымызша, бұл процесті Сирия халқы қарап, аталмыш заңның қабылдануына да тікелей халық араласуы керек. Сирия оппозициясы мен сириялық үкімет өкілдерінен  құрылатын  Конституциялық комиссияның  құрылу бастамасын дұрыс деп есептеймін. Қазіргі таңда Конституция  жобасы  әскери оппозиция өкілдерінде болғандықтан,  біз олардың әрекетін күтіп отырмыз», - деді ол.

Қайрат Жандыбаев

Сурет:  Бауыржан Жуасбаев





Яндекс.Метрика