Халықаралық интеграция

Сирияда гуманитарлық көмекке кедергісіз қолжетімділікті қамтамасыз ету қажет – БҰҰ арнайы елшісі

Астанада қабылданған коммюнике Сириядағы соғысты тоқтатуды қамтамасыз етуге бағытталған, бірінші кезекте гуманитарлық көмекке қолжетімділікті қамтамасыз ету қажет, деді БҰҰ арнайы елшісі Стаффан де Мистура Астанада сириялық реттеу жөніндегі келіссөздердің қорытындылары бойынша өткен баспасөз конференциясында.
Нұр-Сұлтан 24 Қаңтар, 22:31

«Келіссөздерде жағдайды бақылайтын және Сириядағы проблемаларды шешуге көмектесетін механизм құру туралы шешім қабылданды. Біз сириялық мәселе бойынша гарант елдер – Ресей, Иран және Түркия Астанада әзірлеген ықпалдастырылған механизмді қолдауымыз тиіс. Алдымен, гуманитарлық көмекке кедергісіз қолжетімділікті қамтамасыз ету қажет», - деді БҰҰ арнайы елшісі.

Ол Сирияда бейбіт өмірге саяси жұмыстың арқасында ғана қол жеткізуге болатынын және негізгі басымдық терроризмге қарсы күрес болып табылатынын атап өтті.

«Негізгі басымдық терроризмге қарсы күрес болып табылады және біз онымен тиімді күрес жүргізуіміз қажет. Біз Сирияда БҰҰ қамқорлығымен және Сирия халқының тікелей қатысуымен өтуі тиіс саяси жұмыстың арқасында ғана бейбіт өмірге қол жеткізе аламыз. Біз сириялық делегацияның негізгі қарар болып табылатын 2254 қарарының ережелеріне сәйкес қабылданған саяси шешімге қол жеткізу бойынша жұмысымен құттықтаймыз және ол саяси процесті өткізуге қол жеткізуге негізгі жол ашады», - деп атап өтті С. Мистура.

Сондай-ақ БҰҰ елшісі сириялық реттеу бойынша Астана тұғырнамасының маңыздылығын атап өтті.

«Мен ҚР сыртқы істер министрі айтқан пікірлерді атап өткім келеді. Ол біз саяси процестің негізгі қатысушысы болып табылатынымыз туралы айтты. Біз осы процестің өткеніне қуаныштымыз», - деді С. Мистура.

Қайрат Жандыбаев

Сурет Бауыржан Жуасбаев





Яндекс.Метрика