Халықаралық интеграция

Б.Джафари: Астана процесінің басты мақсаты – соғысты тоқтату режимін күшейту

Астана процесінің басты мақсаты – Сириядағы соғысты бейбіт жолмен тоқтату режимін күшейту және қорытынды бойынша механизмдерді әзірлеу, деді Сирияның үкiметтiк делегациясын басқарған БҰҰ жанындағы тұрақты өкiл Башар Аль-Джафари сириялық реттеу жөніндегі келіссөздер қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында.
Нұр-Сұлтан 24 Қаңтар, 21:53

«Біз нақты мәселелер мен анықталған қорытындыларды талқыладық. Өздеріңіз куә болғандай,  ҚР Сыртқы істер министрі  үшжақты мәлімдеменің  мәтінін оқып берді.  Осы келіссөздерге қатысқан барлық елдер  онымен   келісіп отыр», - деді Б.Джафари.

Оның айтуынша, үшжақты мәлімдеме  сириялық дағдарыстың мәселелерін шешудің бастамасы болып табылады.

«Үшжақты механизм  соғысты тоқтатудың  техникалық егжей-тегжейін анықтау  және  арандатудың алдын алу болып табылады. Бұл механизмдерге  проблеманы шешудің   жолдары тоғыстырылған. Біз қорытынды декларация  құжатын алдық. Бұл үлкен нәтиже», - деді Б.Джафари.

Сирия өкілі айтып өткендей, үш елдің мәлімдемесі бойынша барлығы кезең-кезеңмен жүзеге асырылады.

«Барлығы кезеңмен жүзеге асырылады. Соғысты тоқтату үшін  тараптар бар күш-жігерін салады. Бұл үрдісте техникалық тарап, әскери,  сарапшылар бар. Бұл жағдайда әрбір ел қалай әрекет ететінін өзі шешеді. Сириядағы соғысты тоқтатуға ықпалын тигізетін әрбір әрекетті біз  қуана қабылдаймыз», - деді Б.Джафари.

Қайрат Жандыбаев

Сурет:  Бауыржан Жуасбаев   





Яндекс.Метрика