Халықаралық интеграция

Ресей, Иран және Түркия Астанадағы келіссөздердің қорытындылары бойынша бірлескен мәлімдеме жасады

Ресей, Түркия және Иран сириялық реттеу жөніндегі келіссөздердің қорытындылары бойынша мәлімдеме дайындады. Үш елдің бірлескен мәлімдемесіне сәйкес, Қазақстанда тыйым салынған ИГИЛ, ДАИШ қарсы күресті жалғастыру және оларды қарулы оппозицияның басқа бөлігінен айырып бөлу туралы шешім қабылданды. Үш елдің атынан мәлімдемені Қазақстанның сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов оқыды.
Астана қаласы 24 Қаңтар, 19:14

«Біз Қазақстанда тыйым салынған ИГИЛ, ДАИШ және Джабхат ан-Нусраға қарсы күресті жалғастырып, оларды қарулы оппозицияның басқа бөлігінен айырып бөлуге ниетті екенімізді растаймыз. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 2254 қарарына сәйкес келіссөздер процесін шұғыл бастау қажет деп санаймыз», - деп хабарлады Қ. Әбдірахманов.

Оның айтуы бойынша, Ресей, Иран және Түркияның мәлімдемесіне сәйкес, соғысты тоқтату режиміне толық сәйкестікті қадағалауы тиіс үшжақты механизм құру туралы шешім қабылданды.

«Cоғысты тоқтату режиміне толық сәйкестікті, арандатушылықтың болмауын және басқа сұрақтарды қадағалауы тиіс үшжақты механизм құру туралы шешім қабылданды», - деді Қ. Әбдірахманов.

Қайрат Жандыбаев





Яндекс.Метрика