Ұлтаралық бірлік

Елордалық ҚХА жұмысының 2017 жылға басымдықтары белгіленді

Астана әкімі Әсет Исекешев этномәдени бірлестіктердің басшыларымен кездесті. Ол мемлекеттік этносаясатты жүзеге асыру барысымен танысты. Қазақстан халқы Ассамблеясы өкілдерінің ұсыныстары мен пікірлерін тыңдады.
Нұр-Сұлтан24 Қаңтар , 20:23

Өз кезегінде, қала басшысы үстіміздегі жылы әлемдік деңгейдегі шара - ЭКСПО-2017 көрмесі өтетінін атап көрсетті. Оның мәдени бағдарламасының шеңберінде Қазақстан халқы Ассамблеясының қатысуымен көптеген концерттік, көрме және диалог алаңдары жоспарланып отыр, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.

«Сол себепті этномәдени бірлестіктердің нәтижелі жұмыс істеуі үшін барлық жағдай жасалады», - деді Ә.Исекешев.

Сондай-ақ, кездесу барысында әкім этномәдени бірлестіктердің өкілдерін белсенді қайырымдылық қызметі үшін алғыс хаттармен марапаттады. Қалалық ҚХА әлеуетін нығайту және оның қызметінің тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында 2014 жылы әкімдіктің жанынан «Қоғамдық келісім» КММ құрылды. Астана қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясының құрамында 23 этномәдени бірлестік, 12 жексенбілік мектеп, 10 жастар қанаты, 30-дан аса шығармашылық ұжым қызмет жасайды. Жалпы, қалалық Ассамблеяның қатарында 5 мыңнан аса адам бар, сондай-ақ 5 қоғамдық келісім кеңесі, Ғылыми-сарапшы топ, аналар кеңесі жұмыс істейді.

 

 

 




Яндекс.Метрика