Басқару

Жекешелендіру нысандарын сатудан республикалық бюджетке 8,4 млрд. теңге қаражат құйылды

Жекешелендіру аясындағы сатудан түскен қаражат келесі түрде таратылды: республикалық бюджетке 8,4 млрд. теңге, облыстық бюджеттерге – 16,9 млрд. теңге, холдингтерге – 73,6 млрд. теңге түсті, деді ОКҚ баспасөз мәслихатында ҚР Қаржы министрлігі Жекешелендіру және мемлекеттік мүлік комитеті төрағасының орынбасары Қалымжан Ибрайымов.
Астана қаласы 24 Қаңтар, 17:52

2014-2016 жылдарға арналған сату кестесіне сәйкес сатуға 629 нысан  жоспарланған.

«2017 жылдың 1 қаңтардағы жағдай бойынша іс жүзінде саудаға 578 нысан  шығарылды, оның 394 нысан  сатылды, оның ішінде республикалық меншік бойынша – 25, коммуналдық меншік бойынша – 201, Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялар бойынша – 97, холдингтер бойынша – 71», - деді Қ.Ибрайымов.

Бұл ретте, сатудан түскен қаражат келесі түрде таратылды: республикалық бюджетке 8,4 млрд. теңге, облыстық бюджеттерге – 16,9 млрд. теңге, Холдингтерге – 73,6 млрд. теңге, Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорацияларға – 6,8 млрд. теңге түсті.

Республикалық меншік бойынша 2014 - 2016 жылдары  сатуға 35 нысан жоспарланған.

Ағымдағы жылдың 1 қаңтардағы жағдай бойынша сауда-саттыққа 35 объекті шығарылды, оның ішінде 25 нысан  сатылды.

«Коммуналдық меншік бойынша 2014 - 2016 жылдары  308 нысан жекешелендіруге жоспарланды. Іс жүзінде 1 қаңтардағы жағдай бойынша 291 нысан саудаға шығарылды, оның ішінде 201 нысан  сатылды», - деді ол.

Қайрат Жандыбаев 

 





Яндекс.Метрика