Өңірлер

140 мыңнан астам қазақстандық мүлікті жария ету акциясының мүмкіндігін пайдаланды (ФОТО)

Қазақстанда барлығы 5,7 трлн. теңгенің активтері заңдастырылды. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында Заңдастыру жөніндегі жедел мониторинг басқармасының жетекшісі Ерлан Сағнаев мәлімдеді.
Астана қаласы 24 Қаңтар, 17:34

«Мүлікті жария етудің қорытындысы бойынша акцияның мүмкіндіктерін елдің 140 мыңнан астам азаматы пайдаланды. Барлығы 5,7 трлн. теңгеге активтер заңдастырылды,  оның ішінде ақшалай – 4,1 трлн. теңге және мүлік 1,6 трлн. теңгені құрайды», - деді Е.Сағнаев.

Жылжымайтын мүліктің 151 мыңға жуық объектісі, сондай-ақ заңды тұлғалардағы қатысудың 213 үлесі жария етілді.

«Ақшаны жария ету үшін барлығы 11 821 шот ашылды.Елдің ішіндегі активтер 5 трлн. теңгеге, шетелдегі 700 млрд. теңгеге жақын, олардың 614 млрд. теңгесі ақшамен, 70 млрд. теңгесі мүлікпен жария етілді», - деді ол.

Басқарма жетекшісі атап өткендей, заңдастыру көлемі бойынша көш бастап тұрған Алматы қаласы – 3 трлн теңге, Астана – 533 млрд теңге және Алматы облысы – 390 млрд теңге.

«Ел ішінде заңдастырылған активтер  құны  5 трлн теңгені құрады, шетелдік – 700 млрд теңге, оның ішінде ақшалайы  614 млрд теңге, мүлік – 70 млрд теңгені құрады. Ақшаны заңдастыру үшін 11 821 есеп ашылды», - деді Е.Сағнаев.

Оның айтуынша, 151 мүлік нысаны заңдастырылды.

«Заңдастырылған  151 мың мүлік нысаны ішінде есепке  коммерциялық ретінде   9,5 мыңы тіркелді. Бұл үрдістен біз жыл сайын салықтың  800 млн теңгеге артқанын байқадық. Заңдастыруға  4,1 трлн теңгені тарту елдің ішкі өнім көлемінің өсуіне әсер етеді», - деді Е.Сағнаев.

Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпарациялар бойынша  2014 - 2016 жылдары 138  нысан жекешелендіруге жоспарланды. Іс жүзінде 121 нысан  сатуға қойылды, оның 97-сі сатылды. Ұлттық компаниялар мен холдингтер бойынша  Ағымдағы жылдың 1 қаңтардағы жағдайы бойынша сатуға жоспарланған 148 нысанның  131-і сауда-саттыққа шығарылды, оның ішінде                    71 нысан  сатылды.

Қайрат Жандыбаев

Сурет: Азамат Әлиев





Яндекс.Метрика