EXPO-2017

Елорданың 100-ден аса кәсіпкері Recommended by ЭКСПО-2017 бағдарламасының әріптесі атанды

Бүгінгі күні Recommended by EXPO-2017 бағдарламасына туризм саласындағы 136 кәсіпкерлік объектісі қабылданды, соның 35-і қонақ үй және 55-сі қоғамдық тамақтану орны. 23 қонақүй мен 39 қоғамдық тамақтану объектісі аккредитациядан өтті, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.
Астана қаласы24 Қаңтар , 18:56

Бағдарламаның басты міндеті бизнесті көрсететін қызметтердің сапасын жақсартуға ынталандыру, қатысушыларға қойылатын талаптар ашық ақпарат көздерінде жарияланған, бағалауды көшпелі жұмыс тобы жүргізеді, оның құрамына әкімдіктің, «Астана EXPO-2017» ұлттық компаниясының, Кәсіпкерлер палатасының, «Туриндустрия ұлттық одағы» ЗТБ, Тұтынушылар құқықтарын қорғау департаментінің, ТЖД және «Астана LRT» өкілдері кіреді.

Еске салсақ, алдағы ЕХРО-2017 көрмесінің туристеріне көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға кешенді тұрғыда қарау мақсатында елорда әкімдігі «Астана EXPO-2017» ұлттық компаниясымен бірлесе отырып 2015 жылдан бастап Recommended by EXPO-2017 Астананың әріптестік бағдарламасын іске асыруда. Бағдарламаға қонақ үйлер, хостелдер, қоғамдық тамақтану объектілері, көлік компаниялары, жалға берілетін пәтерлер, қонақ үй сервисі бар апартаменттер, коворкинг компаниялар, қызмет көрсету саласының компаниялары, аудармашы-гидтер және экскурсия жүргізушілер қатысады.

Негізгі талаптар - қызметкерлерінің ағылшын тілін білуі, туристер үшін қолжетімті ас мәзірі және тағы бірнеше индикатор. Астана қаласының әріптесі статусын алу жоғары сенімді және көрсетілетін қызметтер үшін қаланың кепілдік беретінін білдіреді. Бұдан басқа, елордада қызмет көрсету саласының сапасын арттыру мақсатында мемлекеттік ұйымдар тарапынан қаржылық емес қолдау тетіктері қарастырылған.

2016 жылдың қарашасынан бастап «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ымен бірлесіп ЕХРО-2017 қарсаңында қонақ үй және мейрамхана бизнесінде кәсіпкерлерді оқыту қолға алынды, барлығы 250 адам оқытылды. Сонымен бірге, ЕХРО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне дайындық шеңберінде «Астана Конвеншн Бюро» ЖШС Di Beissen тренинг орталығымен бірлесіп қоғамдық тамақтану орындарының қызметкерлерін ақысыз негізде ағылшын тіліне оқыту курстарын өткізді. 40 қоғамдық тамақтану орнында жұмыс істейтін 56 адам оқытылды.

 




Яндекс.Метрика