Өңірлер

ШҚО-да елуден астам сүт қабылдау орны ашылды

Шығыс Қазақстанда елуден астам сүт қабылдау орны ашылды, деп хабарлады ақпарат орталығы.
Шығыс Қазақстан24 Қаңтар , 19:54

Ірі қара мал иелері бір литр сүтті орта есеппен 70 теңгеге тапсырады. Бүгінгі күні облыс бойынша сүт жылына 19 мың тонна сатып ала алатын 52 сүт қабылдау орнында қабылданады.

Өңір басшысы Даниал Ахметовтың басшылығымен сүт қабылдау орындарының, сүт-тауар фермаларының санын көбейту бағдарламасы үшінші жыл іске асырылып келеді.

Бүгінгі таңда Шығыс Қазақстан халқының жеке қосалқы шаруашылықтарында 100 мыңнан астам ірі қара мал басы бар, олардан жылына 260 мың тоннаға дейін сүт сауылады. Табиғи өнім күн сайын сүт қабылдау орындарына тапсырылып, кейін кәсіпорындарға түседі.

Облыста өндірістік қуаттылығы жылына 150 мың тоннадан астам сүтті құрайтын 23 сүт өңдеу зауыты жұмыс істейді. Өткен жыл қорытындылары бойынша олардың жүктелімі 7% өсіп, 42-ні құраған.

Әкімнің орынбасары Дүйсенғазы Мусиннің төрағалығымен облыстық әкімдікте өткен жиналыста бағдарламаны іске асыру жөніндегі шаралар одан әрі қаралды. Мамандар жиналатын сүт көлемін арттыру тәсілдерінің бірі жеке қосалқы шаруашылықтарды ауыл шаруашылығы кооперативтеріне біріктіру екенін айтты. Әкім орынбасарының айтуы бойынша, кооперативтер дамуға арналған жеңілдікті несиелер ала алады. 




Яндекс.Метрика