Халықаралық интеграция

Сенат Төрағасы Қатар Елшісін қабылдады

Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Мемлекетінің Қазақстандағы Елшісі Ахмад аль-Тамимиді оның өтініші бойынша қабылдады, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
Нұр-Сұлтан 24 Қаңтар, 16:59

Төраға дипломатты Қазақстандағы қызметінің басталуымен құттықтады және оның жұмысы табысты болуына тілектестігін білдірді. «Қазақстан әлем қоғамдастығының ықпалды мүшесі әрі қазіргі замандағы Таяу Шығыстағы өркендеген мемлекеттің бірі болып табылатын Қатармен өзара тиімді байланыстарды дамытуға және тереңдетуге ерекше мән береді», - деді Қ.Тоқаев.

Сенат Төрағасы Сириядағы жағдайды реттеу жөніндегі Астанада өтіп жатқан келіссөздердің теңдесі жоқ ерекше сипаты бар екенін атап өтті. Олар бір жағынан бұл шиеленісті реттеуге бүкіл әлем қауымдастығының назары ауып отырғанын, екінші жағынан Қазақстан әлеуетінің және осынау күрделі істегі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың беделі мен әділ бітімгер ретінде мойындалғанын паш етті.

«Біздің еліміз өзін әлемдік дипломатиядағы жетекші тұғырнамалардың бірі ретінде көрсетті». Қ.Тоқаевтың пікірінше, осы кездесулердің нақты нәтижелері қандай болса да, Астана үдерістері бұл күрделі мәселе бойынша алдағы Женевадағы келіссөздерге елеулі серпін беретін болады.

 





Яндекс.Метрика