Өңірлер

Ақмола облысында 120-дан астам әйел бизнес ашуға шағын несие алды (ФОТО)

Ақмола облысында 120-дан астам әйел бизнес ашуға шағын несие алды. Бұл туралы Көкшетау қаласында Достық үйінде өткен әйелдер кәсіпкерлігін дамыту жайында өткен дөңгелек үстел барысында мәлім болды.
Ақмола 24 Қаңтар, 15:56

Дөңгелек үстел жұмысына Парламент Мәжілісінің  депутаты  және  Қазақстанның кәсіпкер   әйелдер  одағының  төрағасы  Меруерт Қазбекова  және  облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов, мемлекеттік орган өкілдері  мен  ҰЕҰ, бизнес құрылымдар қатысты.

Н.Нұркенов  Қазақстан дамуы мен нығаюында әйелдердің үлкен зор  екенін атады. Статистика бойынша,  әйелдер бизнес саласында жоғары бәсекелестікке ие болып отыр. Мәселен, Ақмола облысында   шағын және орта бизнестің   60 пайызын әйелдер құрап отыр.

Сондай-ақ, ол үкіметтің әйел кәсіпкерлігін қолдау  бойынша барлық шараларды жүзеге асырып отырғанын айтты.

«Ақмола облысында 120-дан астам кәсіпкер  әйел шағын және орта бизнес саласында еңбек етуде, олар өз кәсібін домалату үшін  шағын несиелерге  қол жеткізді», - деді  Н.Нұркенов.

Әйелдер бизнесін дамытуға қосылған үлес туралы Өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Фатима Герфанова айтып  берді. ӨКП жанында  іскер әйелдердің  кеңесі  жұмыс істейді.

«Қазақстанда әйелдердің статусын арттыру бойынша  маңызды жұмысты ҮЕҰ атқарып отыр. Шағын бизнесте әйелдер  жұмыс істейтін салалар  жетерлік. Әйелдер арасында кәсіпкерлік сұранысқа ие болып отыр, сауда, қоғамдық тамақтану, медициналық  қызмет және туризм  сынды   тар сегменттерде де жұмыс істей алады.





Яндекс.Метрика