Инновациялық Қазақстан - 2020 мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстанда электрондық коммерция өкілдері үшін алғашқы орталығын ашты (ФОТО)

«Қазпочта» АҚ Астана қаласында алғашқы мамандандырылған электрондық коммерция өкілдеріне қызмет көрсету бөлімшесін ашқандығын хабарлайды.
Нұр-Сұлтан 24 Қаңтар, 20:42

«Электрондық коммерция нарығы жылдан-жылға өсіп келеді, Интернет арқылы да тапсырыс берілген сәлемдемелердің көлемі тиісінше артуда (шамамен 20 %), бұл өз кезегінде  қызмет көрсетудің ыңғайлылық және жылдамдылық деңгейіне әсер етеді. Бұған дейін біздің корпоративтік клиенттеріміз құжаттарды, бухгалтерлерді іздеуде бір қабаттан екінші қабатқа жүгіруге тура келетін, енді олар үшін жеке офис ашылды, мұнда олар қысқа мерзімде сапалы сервисті және бір орталықта барлық қажетті қызмет көрсету спектрін алуға мүмкіндіктері бар – деп «Қазпочта» АҚ Басқарма төрағасы Бағдат Мусин мәлімдеді.

«Қазпочта» АҚ  хабарлағандай, алғашқы е-орталық  елордамыздың сол жағалауында орналасқан және бірнеше қызмет көрсету аймағынан тұратын офисті құрайды. Клиенттердің қолайлылығы үшін корпоративтік клиенттерге кеңес беру бойынша жеке орындар, келіссөздер жүргізуге арналған залы, сондай-ақ келіп түскен тапсырыстарды қабылдау және өңдеу әрі оларды жинақтау және қаптау, тапсырыстарды жеткізуге тиеуге арналған орынжайлар қарастырылған.

Алдағы уақытта компания осы тәрізді орталықты Алматы қаласында, ал келешекте еліміздің барлық қалаларында ашуды көздеп отыр. 





Яндекс.Метрика