Үкімет

Премьер-Министр мемлекеттік органдарға ҮЕҰ-мен өзара іс-қимылды нығайтуды тапсырды

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Үкімет отырысы барысында мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдар арасындағы ынтымақтастықтың орнатылуын қамтамасыз етуді тапсырды.
Нұр-Сұлтан 24 Қаңтар, 11:21

Үкімет отырысында мемлекет пен  ҮЕҰ-ның өзара іс-қимылының негізгі бағыттары туралы айтылды, сонымен қатар отандық үкіметтік емес сектор өкілдері сөз сөйледі. Олардың ішінде: «Қазақстанның азаматтық альянсы» Қауымдастығының президенті Н. Ерімбетов, «Камеда» қорының атқарушы директоры М. Еспенова және АРГО Азаматтық қоғамды дамыту Қауымдастығының атқарушы директоры Д. Асанова бар.

Баяндамашыларды тыңдағаннан кейін Премьер-Министр 2016 жылы құрылған ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі мемлекет және үкіметтік емес ұйымдар арасындағы өзіндік бір «көпір» іспеттес екенін айтты. Осы орайда Б. Сағынтаев ведомство басшысы Н. Ермекбаевқа ҮЕҰ өкілдерінің бірлескен жұмысты әрі қарай жүргізуге байланысты ұсыныстарын ескеру туралы тапсырма берді. 

 





Яндекс.Метрика