Ұлттың денсаулығы

Қазақстанда 169 медициналық мекеме аккредиттеуден өтті

Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы 2016 жылғы аккредиттеу нәтижесін жариялады.
Нұр-Сұлтан24 Қаңтар , 13:07

Былтыр   бұл ерікті шарадан өтуге 180 медициналық мекеме өтінім берген. Олар негізінен бастапқы медициналық –санитарлық көмек көрсететін мекемелер, аудандық, ауылдық деңгейдегі медициналық мекемелер бар. Аккредиттеуге қатысқандардың 96-сы (52,5%) мемлекеттік,  84-і (47,5%) жекеменшік.

Өтінімдердің басым бөлігі-  18%-ы (32)  Алматы қаласынан. Қызылорда облысынан (14-   9%), Қарағанды облысынан  (14   – 8%),  Қостанай облысынан (14 ММ – 8%). Ең аз өтінім Солтүстік Қазақстан облысынан (2 ММ-1%).  

«ҚР ДСӘДМ Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің бұйрығына сәйкес  мекемелердің жұмысына сыртқы кешенді бағалауға 34 сараптамалық топ қатысты», - делінген хабарламада.

 Оның құрамына арнайы дайындықтан өткен 68 сарапшы мен  медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің аймақтық департаменттерінің 39 қызметкері болды. Аккредиттеу 14 облыс пен Алматы, Астана қалаларында өтті, деп хабарламада Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы.

Еліміздің түрлі аймақтарынан 11 медициналық ұйым (6,1%) аккредиттеуден өткен жоқ.    Осылайша республика бойынша 169 медициналық мекеме (93,9%) акредиттеуден сәтті өтті. Оның 94-імемлекеттік, 75-і жеке медициналық мекемелер.   

 Аккредиттеу медициналық ұйымның сапа стандарттарына сәйкестігін айғақтайды және пациенттердің сапалы ем алуына ықпал етеді. 




Яндекс.Метрика