Білім беру

Оқушылардың ата-аналарына білім берудің жинақтау жүйесі туралы түсіндіреді

ҚР Білім және ғылым министрлігі жанындағы «Қаржы орталығы» АҚ Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі және Білім кредиттерін кепілдендіру бағдарламаларын ілгері жылжыту мақсатында Қазақстанның жалпы білім беретін мектептерімен Ынтымақтастық туралы меморандум жасасуда.
Астана қаласы24 Қаңтар , 14:32

Осы меморандумның шеңберінде МБЖЖ мен БКК-ны дамытудың өзекті мәселелері бойынша пікір мен ақпарат алмасу, тегін call-орталық (8 800 080 28 28) арқылы  аталған бағдарламалар жөнінде ата-аналар мен оқушыларды консультациялар беріп, мектептердің сайттары мен стендтерінде МБЖЖ мен БКК туралы ақпарат орналастыру және жарты жылда бір рет ата-аналар жиналысында 1-11 сынып оқушыларының ата-аналарын осындай мемлекеттік бағдарламалардың бары және мүмкіндіктері жайында хабардар етіп тұру жоспарда, деп хабарлады ҚР Білім және ғылым министрлігі жанындағы «Қаржы орталығы» АҚ баспасөз қызметі.

Бұл ынтымақтастық МБЖЖ бойынша оқуға қаражат жинақтау және БКК шеңберінде жеңілдетілген шарттарда білім беру кредиттерін алу арқылы мектеп түлектері үшін колледждерге және ЖОО-ларға түсу мүмкіндіктерін кеңейтеді.

2017 жылдың 13 қаңтар айынан бастап, қазіргі таңда Қазақстанның 38 мектебімен меморандумға қол қойылды. 




Яндекс.Метрика