Білім беру

ОҚО әкімі инклюзивті білім беруді барынша күшейтуду тапсырды

Южно-Казахстанская область 24 Қаңтар, 12:19

Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаева облыста мүгедектердің қатары көбейгенін жеткізді. Мұның себебін баяндамашы облыста жаппай жүргізіліп жатқан скрингтік тексерулермен байланыстырады. Анықталғандардың басым бөлігі туабітті мүгедектік, жүре байқалатын дерт екен. Сондықтан денсаулық сақтау органдары мүгедектіктің алдын алу мақсатында скринингтік шараларды күшейтуі керек. Саламатты өмір сүру салтын қалыптастыру үшін халық арасында түсіндіру жұмыстарын, спортпен шұғылдануды, тұрғын үйлердің алдында спорт алаңшаларын дамытуды насихаттап, бірлесе жұмыс атқару маңызды.

Облыста өздігімен жүріп-тұра алмайтын мүгедектер мен мүгедек балалар үшін 13 инва, 33 әлеуметтік такси қызмет көрсетеді. Алайда, инватакси Шымкент, Түркістан, Кентау қалалары мен Созақ, Төлеби аудандары ғана бар. Биылға Отырар, Түлкібас аудандарында қаржы қаралыпты. Қалған қала-аудандарда бұл жұмыс қолға алынбаған.

Мүгедектерді баспанамен қамтудың басты мәселе екенін атап айтқан облыс басшысы инклюзивті білім беруді күшейтуді міндеттеді. Атқарылған жұмыстарды тағы да жетілдіру үшін бірқатар тапсырмалар жүктеп, оны облыс әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібековке қатаң қадағалауды тапсырды.

Басқарманың міндеті заңбұзушылықтарды анықтау ғана емес, түзеуге көмектесу екенін еске салған Жансейіт Қансейітұлы бұл мәселені реттеуді облыс әкімінің орынбасары Ербол Садырға жүктеді.Тиісті салалардағы атқарылып жатқан жұмыстарды тыңдаған облыс әкімі тиісті сала жетекшілеріне міндеттеріне алған істі сапалы да, тиянақты етіп орындауды тапсырды.

 

 





Яндекс.Метрика