Болашақтың біртұтас ұлты

СҚО-ның этномәдени ұйымдары «Мәңгiлiк Ел» идеясын насихаттайды

Солтүстiк Қазақстан облысында өңiр басшысы Ерiк Сұлтановтың қатысуымен Қазақстан халқы ассамблеясы кеңесiнiң отырысы өттi, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Солтүстік Қазақстан24 Қаңтар , 11:53

Кездесудi ашқан Қазақстан халқы обыстық ассамблеясының төрағасы Ерiк Сұлтанов Қазақстан Республикасының 25 жылдығын тойлау аясында өңiрде ауқымды жұмыс атқарылғанын атап өттi. Өңiр басшысы атқарылған жұмыс үшiн алғыс айтып, белгiленген қарқынды одан әрi нығайту қажет екенiн айтты.

«Ағымдағы жылдағы жұмыстың негiзгi идеялық -ақпараттық жұмыстың негiзгi басымдылықтары белгiлендi. Мен облыстың барлық этномәдени бiрлестiктер iс-шараларды өткiзу мен тойлауға белсендi қатысады деген ойдамын. Үстiмiздегi жылы жаңа «Мәңгiлiк Ел» қазақстандық патриотизм идеясын насихаттауға арналады», — дедi Ерiк Сұлтанов.

Отырыс жұмысына Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы кеңесiнiң, ғылыми- сараптама тобының, департаменттер мен басқармалардың, облыстық ардагерлер кеңесiнiң мүшелерi, М.Қозыбаев атындағы Солтүстiк Қазақстандық университет, жастар мен бұқаралық ақпарат қызметкерлерi қатысты.

Кеңес отырысында Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушiсi Наиль Салимов облыстық ассамблеяның 2017 жылы жұмыс iстейтiн бағыттары туралы хабарлады.

Өңiрде 25 облыстық және 154 аудандық этномәдени бiрлестiк бар. Бұдан басқа 38 аналар кеңесi мен 80 қоғамдық келiсiм кеңестерi құрылған.

Өздерiнiң жұмысы туралы өңiрлiк ассамблеяның белсендiлерi хабардар еттi. «Армян мәдениетiнiң орталығы» үстiмiздегi жылы 20 жылдық мерейтойын атап өтедi. Этномәдени бiрлестiктiң төрағасы Геворг Геворкян гранттарды бөлу арқасында облыстың барлық этномәдени бiрлестiктерi дамуға мүмкiндiк алатынын атап өттi. Аналар кеңесiнiң маңызыдылығы туралы кеңестiң төрағасы Күлiмкөз Смаилова хабардар еттi. Бұл кеңес беру органы отбасылық құндылықтарды қорғауға бағытталған. Облыстық кеңес республикада ең тиiмдiлердiң бiрi болып саналады.

Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы жанында «Жарасым» жастар ұйымын құруды облыстық ассамблеяның жастар қанатының мүшесi Сағыныш Бектемiрова ұсынды.

Сондай-ақ, отырыс барысында ұйымдастырушылық мәселелер шешiлiп, облыстық ассамблеяның құрамы өзгертiлiп, бекiтiлдi.

Бұдан басқа, облыстық ассамблеяның төрағасы Ерiк Сұлтанов этномәдени бiрлестiк төрағаларына куәлiктерiн тапсырды.

Кейiн өңiр басшысы жиын қатысушыларына облыстың әлеуметтiк-экономикалық ахуалы туралы хабардар еттi.




Яндекс.Метрика