Экономика

Атырау облысында «Аңсаған» кен орнында жеңіл мұнай және газ шоғыры табылды

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі «Аңсаған» тұзасты көтеруінің девондық шөгінділеріндегі жеңіл мұнай және газдың шоғыры табылғандығы жөнінде хабарлайды.
Атырау23 Қаңтар , 18:54

ҚР ЭМ Баспасөз қызметі  хабарлағандай, «Аңсаған» кен орны Атырау облысындағы Жылыой аумағында орналасқан, табылған мұнайлы-газды жазықтар Теңіз кен орнынан әлдеқайда тереңірек шоғырланған.

Кен орнының ықтимал қоры жоғары бағаланып отыр және жоспарланатын геологиялық барлау жұмыстарының үлкен көлемі көмірсутектерінің болжанып отырған ресурсын растауға бағытталады.

Аңсағандағы жеңіл мұнайдың жоғары дебитіне қол жеткізу аталған аумақтағы айтарлықтай тереңде орналасқан тұзды шоғырлардың ресурстық әлеуетін растайды.

Болашақта Аңсаған кен орнында бағалау жұмыстарын жүргізу, Мақсат, Прорва Глубокая және т.б. әлеуеті жоғары алаңдарда iздеу-барлау бұрғылауын орната отырып, егжей-тегжейлі сейсмикалық барлау зерттеулерімен расталған барлық келісімшарттық аумақтарда геологиялық барлау жұмыстарын кеңейту жоспарлануда.

2014 жылдың 24 ақпанында Атырау және Маңғыстау облыстарындағы кен орындарында тұзүсті құрылымдарын және учаскедегі кен орындарын  қоспағанда, тұзасты шоғырларында көмірсутек шикізатын барлау жұмыстарын жүргізуге  жер қойнауын пайдалану құқығына «Алмэкс Плюс» ЖШС-мен келісімшартқа қол қойылды.

Геологиялық жер бөлігінің ауданы 1460,01 шаршы км. құрайды, жер бөлігінің тереңдігі – тұзүсті шоғырлардың табанынан кристалды фундаменттің үстіне дейін.

Анықтама ретінде:  «Алмэкс Плюс» ЖШС 2001 жылдың 5 шілдесінде құрылды, геологиялық жұмыстар 2014 жылы басталды.

 

 

 

 




Яндекс.Метрика