Халықаралық интеграция

Б.Сағынтаев пен М. Узан жаңа экономикалық сын-тегеуріндер тұрғысындағы ынтымақтастық келешегін талқылады

Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Бреттон-Вудсты жаңғырту комитетінің Бас директоры Марк Узанмен кездесу өткізді.
Астана қаласы23 Қаңтар , 19:58

Кездесу қатысушылары жаңа экономикалық сын-тегеуріндер тұрғысынан алғандағы ынтымақтастық келешегіне қатысты мәселелерді талқылады. Комитет Қазақстанның экономикалық әртараптандыру және тұрақты даму үдерістерін ілгері жылжыту жөніндегі серіктесі болып табылады, деп хабарлады primeminister.kz.

Анықтама:Бреттон-Вудсты жаңғырту комитеті – 1994 жылы оның қазіргі Бас директоры Марк Узанның (Нью-Йорк қ.) Бреттон-Вудс конференциясының 50 жылдығын мерекелеу аясында негізін қалаған, коммерциялық емес ұйым.

Комитет қызметі жаңа экономикалық сын-тегеуріндерге әлемдік қаржы архитектурасы мен валюта жүйесін бейімдеуді мақсат ететін, жоғарғы деңгейдегі қатысушылар арасында ашық диалог ұйымдастыруға бағытталған.

 

 




Яндекс.Метрика