Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

2017 жылы ҚР-да 600 шақырымнан астам жол қайта жөнделеді

2017 жылы Қазақстанда 602 шақырым қайта құру нысандарын пайдалануға беру жоспарланған, деп хабарлады «ҚазАвтоЖол» АҚ баспасөз қызметі.
Нұр-Сұлтан24 Қаңтар , 09:32

Күрделі жөндеу жұмыстары аясында 164 шм жол пайдалануға беріледі. 2017 жылы орташа жөндеу аясында жұмыстардың үлкен көлемін жүзеге асыру жоспарланып отыр. Жөндеудің осы түрімен барлығы 1676 шм жол, соның ішінде заманауи технологияларды қолдана отырып қамтылатын болады.

Сондай-ақ 12 шағын жасанды құрылысқа жөндеу, демалыс алаңдарын абаттандыру жүргізіледі.

2017 жылдың екінші жартыжылдығында Алматы – Қапшағай және Астана – Теміртау учаскелерінде ақылы жол жүйесін енгізу жоспарлануда.

2016 жылы қайта құру жүргізілгеннен кейін Алматы – Қорғас, Алматы – Талдықорған, Бейнеу – Шетпе, Көкшетау – Петропавл, Шымкент – Ташкент, Шымкент – Жамбыл облысы шекарасы негізгі бағыттары бойынша 900 шақырымнан астам республикалық маңызы бар автомобиль жолы ашылғанын атап өткен жөн.  




Яндекс.Метрика