EXPO-2017

ЭКСПО көрмесі барысында Астана тұрғындары мен қонақтары үшін әдеттен тыс шаралар дайындалады

Астана әкімдігінде ЭКСПО-2017 көрмесі кезінде өткізілетін шараларға дайындық бойынша кеңес өтті. Шаһар басшысы Әсет Исекешевке мәдени, ойын-сауық бағдарламаларының жоспары таныстырылды, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.
Нұр-Сұлтан23 Қаңтар , 20:34

Қаланың мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Болат Мажағұлов мәлім еткендей, елорда тұрғындары мен қонақтары уақыттарын бос өткізбейді. Олар үшін үш ай бойы бірқатар қызықты әрі әдеттен тыс шаралар ұйымдастырылатын болады.

Белгілі болғанындай, осы уақыт ішінде қаладағы театрлар мен саябақтар штаттық режимде жұмыс істейді. Есіл өзенінде күнделікті негізде астаналықтар мен қонақтар лазерлік су шоуын тамашалайды. Елордаға шетелдік шығармашылық ұжымдар шақырылды. Астананың әр бөлігінде түрлі сипаттағы концерттер мен қойылымдар көрсетілмек.

Қала әкімі жауапты тұлғаларға шараларды әрбір азамат өзіне қызықты жазғы бағдарлама құра алатындай жоспарлауды тапсырды. Әсіресе, отбасылық уақыт өткізуге басымдық беруді жүктеді.

Еске салсақ, елоодада «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі өтетін уақытта мәдени-ойын-сауық шараларын «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі және Астана қаласының әкімдігі ұйымдастыратын болады.




Яндекс.Метрика