Өңірлер

Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне 2017 жылғы егінжайға арналған дәндердің деректер базасы құрылды

Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне 2017 жылғы егінжайға арналған дәндердің деректер базасы құрылды, деп хабарлады АШМ баспасөз қызметі.
Астана қаласы23 Қаңтар , 18:27

«Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі «Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау жөніндегі мемлекеттік комиссия» республикалық мемлекеттік мекемесімен бірлесіп сатуға ұсынылатын репродукциялары бойынша сортты тұқымдардың көлемін, аттестатталған тұқым өңдірушілердің атауларын, олардың тұрғылықты жерін және байланыс деректерін, сондай-ақ баға ұсынымын көрсетумен ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттары мен будандары бойынша деректер базасын әзірледі», - делінген хабарламада.

Сол сияқты әрбір сорт бойынша шаруашылық-биологиялық қысқаша сипаттамасы, ұсынылатын топырақ-климаттық аймақтар және пайдалану бағыты берілген.

Мақсат – 2017 жылдың егініне себі үшін тұқымдарды іріктеп алуда ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге көмек көрсету.

Деректер базасы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.mgov.kz және «Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау жөніндегі мемлекеттік комиссия» РММ www.goskomsort.kz сайттарында орналастырылған.

 




Яндекс.Метрика